|
24.04.2023 | 14:53
809

Елімізде алдағы 10 жылда энергетика тапшылығы сезілуі мүмкін

Мамандардың айтуынша, мәселені шешудің бірден-бір жолы – АЭС салу

Елімізде алдағы 10 жылда энергетика тапшылығы сезілуі мүмкін Almaty.tv

Елімізде алдағы 10 жылда энергетика тапшылығы сезілуі мүмкін. Мамандар кемшілікті жоюдың жолын қарастырып жатыр. Олардың айтуынша, мәселені шешудің бірден-бір жолы – АЭС салу, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол үшін екі қала таңдалған. Бірі – Алматы облысы, енді бірі – Абай облысына қарасты Курчатов қаласы. Осы сұрақты талқылау үшін түрлі сала мамандары Алматыда бас қосты. Дөңгелек үстелге қатысқан физик, энергетик және сарапшылар мен ғалымдар ойын айтты.

«Бұл мәселе 2002 жылы бастау алған. Соңғы екі жылдың ішінде күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды. Себебі соңғы жылдары елімізде халық саны өсіп, экономикасы өркендеп жатқандықтан энергетика ресурстарының тапшылығы да сезіле бастады», – деді Алматы облыстық экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов.

Ал экологтар өндіргіш күштерді салу кезінде табиғатқа, экология мен  қоршаған ортаға кері әсер етпеу жағын басшылыққа алу керегін алға тарты. Қазақстан АЭС салу бойынша әлем елдерінің тәжірибесіне де жүгінген. Атап айтсақ, Франция, Қытай, Ресей және Оңтүстік Корея сынды елдің ұсыныс мен кемшін тұсын ескеретін болады.  

«Атом электр стансасы керек. Бірақ ол қай жерде болу керек? Балқаш Алакөл алабында су ресурстары өте тапшы. Қазіргі кезде жетпей жатыр. Ол жерге біз келешекте АЭС салатын болсақ, ол Балқаш көлінің бір бөлігін алса, табиғат құриды, су тапшы болады», – деді техника ғылымдарының докторы Әуелбек Зәуірбек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир