Бала өлімі: барлық мектептегі спорт алаңы тексеріледі
Almaty.tv
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астанадағы бала өлімінен кейін барлық мектептегі спорт алаңы тексеріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сөзінше, тексеріс еліміздің барлық өңірінде жүргізіледі. Еске салсақ, күні кеше Астанадағы мектеп аулаларының бірінде 10 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап, оқушы қайтыс болды. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
– Аталған фактІ бойынша Байқоңыр аудандық ПД ҚР ҚК-306 бабы бойынша тергеу бастады. ҚР ҚПК бабына сәйкес, өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды, – деді ПД ресми өкілі Нұралы Тәңірбергенов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.11.2026 08:10
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
23.11.2026 10:20
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр
23.11.2026 10:50