|
06.04.2022 | 14:59
859

Алматыда көрнекті ғалым, жазушы, публицист Әбілфайыз Ыдырысовты еске алды

Ғылыми конференцияда студенттер мен магистранттар ғылыми жұмыстарын ұсынды

Алматыда көрнекті ғалым, жазушы, публицист Әбілфайыз Ыдырысовты еске алды Almaty.tv

«Цифрландыру жағдайындағы баспа ісі мен дизайнның өзекті мәселелері». Бүгін Алматыда осындай тақырыпта ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Гибрид форматында өткізілген шарада студенттер мен магистранттар өз ғылыми жұмыстарын ұсынды. Республикалық деңгейде ұйымдастырлған жиын көрнекті ғалым, жазушы, публицист Әбілфайыз Ыдырысовты еске алуға арналды. Шара барысында қарымды қаламгердің еңбектері мен кейінгі ұрпаққа қалдырған шығармашылығы насихатталды. Ғылымның өркендеуіне үлес қосқан ұлы ұстаздың мұралары дәріптелген іс-шарада бүгінгі баспа ісінің өзекті мәселелері көтерілді.

«Бұл кісі осы журналистика факультетіне аға оқытушы болып келіп, профессор деңгейіне көтеріліп, қызмет жасады. Көптеген шәкірт тәрбиеледі. Бүгінгі оқу осы Әбекеңнің журналистика факультетіндегі, қазақ журналистикасындағы орнына арналады», – деді филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашұлы.

Конференция соңында жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары бағаланды. Үздік деп танылған 5 студент арнайы номинациямен марапатталды. Оларға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

«Әбекең бүгінгі таңда жазушылық, қайраткерлігі, халыққа деген жанашырлығыменен кейінгі буынның есінде қалды. Факультетіміздің ірі тұлғасы Әбілфайыз ағамыздың оқуларының өтуі бүгінгі студенттерге, жастарға үлкен тағылым болары сөзсіз», – деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы Сансызбай Мәдиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир