Ахмет Байтұрсынұлы-150: Алматыда халықаралық ғылыми конференция өтті

24.11.2022 20:01

Басты мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын келер ұрпаққа дәріптеу

Almaty.tv

Алматыда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуға ағартушының еңбектеріне қызығатын жастардан бөлек, оны зерттеушілер жиналды. Көршілес мемлекеттен келген қонақтар да болды. Басты мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын келер ұрпаққа дәріптеп, оны кеңінен насихаттау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шараның тәрбиелік мәні зор.

«Сол жас ұрпаққа, студент жастарға  өсиет қалдырайық, ол кісінің қандай екенін танытайық дедік. Кездесудің тәрбиелік мәні зор. Білімді, ақындығы бар, педагог ретінде хабардар болса, мақсатымыз жастарға насихаттау», – деді Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті институтының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары Сағат Әлдекенов.