Фестивальде «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы өтеді
«Ұлттық әдебиет. Ұлттық тіл. Ұлттық дәстүрлер». Биыл осындай тақырыппен KitapFest Almaty фестивалінде «Менің алғашқы ертегілерім», «Как сделать единорога?», «Tarmaqtar» және т.б жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл келушілерді ауқымды мәдени бағдарлама, Досым Сәтбаев, Елдос Тоқтарбай, Бейбіт Сарыбай, Смағұл Елубай, Абылай Юсупов, Әсел Сапақова және басқа да көптеген танымал тұлғамен кездесу күтіп тұр.
KitapFest кітап фестивалі алғаш рет 2014 жылы республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Тоғыз жыл ішінде танымал 200-ден астам кітаптың тұсауын кесті.
KitapFest Almaty кітап фестивалінің бағдарламасы:
Фестивальде «Ауылға кітап» дәстүрлі акциясы өтеді, онда кез келген адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады. Сондай-ақ алматылықтарға 5000 тегін кітап таратылатын «Кітап лабиринті» салынады.
Өтетін күні мен уақыты: 9 қыркүйек, 2023 жыл, сағат: 11.00-19.00.
Өтетін орны: Алматы қаласы, «Арбат» алаңы
Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының қолдауымен «BAURZHAN foundation» қоры және Орталық кітапхана жүйесі.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық ғалымдар неге шетелге кетеді