Бүгін елордада өтіп жатқан конференцияда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 10 жылда елден кеткен ғалымдарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
– Ғылыммен айналысатын жастағы адамдардың негізгі бөлігін шетел асып кетті. Олар кеңестік кезеңде ғылыми ұйымдар дайындаған ғалымдардың үшінші толқыны еді. Одақ ыдырағаннан кейін ғалымдар тұрақтамады. Қарапайым статистикаға сүйенсек, 1990 жылы ғылыми-зерттеу институттарының 52 000 қызметкері мен ғылыммен айналысқан профессорлық-оқытушылық құрамы ресми түрде тіркелген. 2000 жылы немесе 10 жылдан кейін 12 мыңы қалды. Нақты айтқанда 30 мыңнан астам адам жоқ, – деді Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек.
Осы орайда министр шетелге кеткен ғалымдар ғылыми жобамен табысты түрде айналысып жатқанын айтты.
– Қазақстан жоғалған кадрлық әлеуетті қалпына келтіруге кірісті. «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев университеті бар, сондай-ақ ғалымдардың жаңа буыны өсіп келе жатыр. Біз жалақыны да, әлеуметтік пакетті де көбейтіп жатырмыз. Жаңа заңда ғалымдарға қолдау көрсету бағытында әлеуметтік қамтамасыз ету мен тиісті пакет бойынша жеке блок қамтылған, – деді ведомсво басшысы.
Биыл күзде Парламент қарауына «Ғылым және техникалық саясат туралы» заң жобасы ұсынылғанын еске салайық.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Оқи отырыңыз: «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды