|
27.03.2023 | 15:05
1470

Алматылық оқушылар «Үздік олимпиадалық команда – 2023» жүлдесін жеңіп алды

Республикалық олимпиадада 43 жүлделі орынға ие болды

Алматылық оқушылар «Үздік олимпиадалық команда – 2023» жүлдесін жеңіп алды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының құрама командасы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада 43 жүлделі орынға ие болды, атап айтқанда 9 алтын, 14 күміс және 20 қола медаль. Осылайша, оқушылар жалпы есепте бірінші болып «Үздік олимпиадалық команда – 2023» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде 53 оқушы Алматы қаласының намысын қорғады. Олимпиадаға еліміздің әр аймағынан барлығы 900-ден аса 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Қатысушылар 2 турдан тұратын тапсырма орындады. Олар математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша зияткерлік сайысты қамтыды. Олимпиада 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтті.

«Барлық қатысушыларды кезекті жеңісімен құттықтаймыз. Мектеп басшыларына, мұғалімдерге кәсіби шеберлігі мен біліктілігі үшін алғысымызды білдіреміз. Ата-аналарға тәрбиесі мен күнделікті еңбегі үшін алғысымыз бөлек. Атап айтсам, олимпиада жеңімпаздары халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындалу үшін резервке алынады. Сондықтан оқушыларға алдағы уақытта да білімдерін барынша жетілдіріп, толайым табыстар мен жаңа жетістіктерге жетуін тілейміз!», – деді «Алматы дарыны» орталығының директоры Гүлнәр Кәрімқажы.

Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын Щучье қаласында 2-7 сынып оқушылары XVIII Республикалық «Зерде» байқауында ғылыми-зерттеу жұмыстары ұсынылған болатын. Алматы қаласының құрама командасы I дәрежелі – 6, II дәрежелі – 6, III дәрежелі – 11 диплом иегерлері атанып, ерекше жетістіктері үшін бес оқушы грамотамен марапатталды.

Мектеп оқушыларының байқауға қатысуы олардың шығармашылық қабілетін, практикалық білімін дамытуға, сонымен қатар дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, биыл республикалық жарыстарға қаламыздан 93 бала қатысып, оның ішінде 66 оқушы жүлделі орынға ие болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир