|
27.03.2023 | 15:12
726

Баскетболдан әлемдік деңгейдегі бапкерлер қазақстандық спортшыларға шеберлік дәріс өткізді

Шеберлік сабақтар жаз айында Черногория елінде де ұйымдастырылмақ

Баскетболдан әлемдік деңгейдегі бапкерлер қазақстандық спортшыларға шеберлік дәріс өткізді Almaty.tv

Баскетболдан әлемдік деңгейдегі бапкерлер қазақстандық спортшыларға шеберлік дәріс өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресейден арнайы келген олар 5 күн бойы өз тәжірбиелерімен бөлісті. Бағдарламаны Алматы баскетбол федерациясы түрлі жекеменшік ұйымның қатысуымен бірлесіп ұйымдастырған. Дайындық кезінде шетелдік бапкерлер қазақстандық спортшылардың әлеуеті зор деген баға берді.

«Қазақстанда баскетболмен айналысу үшін мүмкіндіктің бәрі қарастырылған. Осы елге сапар кезінде Астана және Алматы қаласында болдық. Заманауи талапқа сай спорт кешенін көріп таңырқай қарағанымызды жасырмаймын. Себебі мұндай кешендер Еуропаның басым қаласында жоқ», – деді  «Asg» баскетбол академиясының негізін қалаушы Саша Груич (Ресей).

Шеберлік сабақтар жаз айында Черногория елінде де ұйымдастырылмақ. Оған әлем елдерінен түрлі спортшылар келеді деп жоспарланып отыр. Онда қазақстандық баскетболшылар да бой көрсетеді. Алматыда өткен шеберлік сабаққа еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар мен бапкерлер қатысты. Бапкерлердің айтуынша, бұл – әлемдік жарысқа шығуға және ойыншылармен бәсеке орнатуға жақсы мүмкіндік.

«Осы семинарға мен арнайы Түркістан облысы, Кентау қаласынан келіп тұрмын. Жас баскетболшылардың техникалық және тактикалық тұрғыда іс-әрекетінен көп мәлімет айттылды. Қазақстандық бапкерлер көп мағұлмат алдық», –  деді  баскетбол бапкері Әнуарбек Исаев.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Шавкат Рахмоновты UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир