Астанада қазақстандық ғалымдар ғылыми жобаларды коммерцияландыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Диалогтық алаңға бизнес өкілдері мен оқытушылар арнайы шақыртылған. Оларға түрлі бағытта әзірленген 8 жоба ұсынылды. Онда ауыл шаруашылығы, тауар өндірісі мен жаңа технология салалы қамтылған. Мұндағы мақсат – стартап жобаларды дәріптей отырып, оларды қаржыландыруға ықпал жасау.
«30 жобадан іріктеліп алынған 8 ғылыми жұмыс нәтижесін бизнес өкілдері алдына ұсынайын деп отырмыз. Бұл 8 жоба ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі бар және басқа саланы қамтыды. Негізгі мақсаты – Қазақстанның ғалымдары бизнес өкілдерімен тілдесіп, оларға әзірлеген ғылыми технологиясын таныстыру», – деді «Ғылым қоры» АҚ инвестициялар және жаңа жобалар департаментінің директоры Омар Құрманғазы.