Мектеп оқушыларының қысқы демалысы ұзартылды

zhel.city
zhel.city
Бұл туралы еліміздің Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда мектеп оқушыларының қысқы демалысы ұзартылды. Бұл туралы еліміздің Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, мектеп мұғалімдері каникул кезінде елдімекендегі жағдайға байланысты қашықтан немесе дәстүрлі форматта жұмыс істейді. Ал колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері академиялық күнтізбеге қарай 24 қаңтарға дейін демалыста болады. 

«ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен қысқы демалыс 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Балабақшалар да нақты елдімекендегі жағдайға байланысты жұмысын жалғастырады. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша балалар қабылдау жұмысы ары қарай жалғастырылатын болады», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Новости партнеров