Бұл туралы Білім және ғылым министрілігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты
Әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерінде оқушылардың мектепке немесе дүкендерге келгенін анықтау мақсатында рейд жүргізілетіні және анықталған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрілігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі уақытта мектеп оқушылары көктемгі каникулда, педагогтaр қашықтықтан жұмыс істеуде, мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жабылды. Балаларды жекеменшік дамыту орталықтарына жіберуге қатысты шешімді ата-анасы немесе заңды өкілдері қабылдайды, делінген хабарламады. Естеріңізге салайық, жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту заңда қарастырылған.