Қазақстанда оқу жылы 2 аптаға ұзартылды
tengrinews
Бұйрыққа 12 тамызда Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы мен мектеп оқушыларының демалысы бекітілді. Бұйрыққа 12 тамызда Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Меншік нысанына және ведомствоға бағынуына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылы 2022 жылғы 1 қыркүйекте басталады.
Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныпта 35 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда 36 оқу аптасы болады.
1-11 (12) сыныптарда оқу жылындағы демалыстар:
- күзгі - 7 күн (2022 жылдың 31 қазанынан 6 қарашасына дейін);
- қысқы - 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсанынан 2023 жылдың 8 қаңтарына дейін);
- көктемгі - 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы арасында);
- бірінші сыныпта қосымша демалыс - 7 күн (2023 жылдың 6-12 ақпаны арасында).
Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37