|
09.08.2024 | 15:10
2254

Еуразия технологиялық университеті 200 білім беру грантын ұсынады

Бұл бағдарлама кемінде 100 балл жинаған студенттерді қолдауға бағытталған

Еуразия технологиялық университеті 200 білім беру грантын ұсынады elements.envato.com

Еуразия технологиялық университеті оқуда жоғары жетістіктерді көрсеткен талантты талапкерлер үшін 200 білім беру грантын ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл бастама келесі пәндер бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) кемінде 100 балл жинаған студенттерді қолдауға бағытталған:

* География және математика;

* ⁠География және ағылшын тілі;

* Информатика және математика;

* ⁠Дүниежүзілік тарих және құқық негіздері;

* ⁠Сән және дизайн бағытындағы шығармашылық емтихандар.

Осы бағдарлама аясында Еуразия технологиялық университеті үздік студенттерді ынталандыруға және оларға өңірдің жетекші жоғары оқу орнының бірінде сапалы білім алуға мүмкіндік беруге ұмтылады.

Білім беру гранттарынан басқа, университет негізгі ҰБТ-да 70 балдан жинаған талапкерлер үшін 50%-ға дейін жеңілдіктер ұсынады.

Қосымша ақпарат алу үшін Еуразия технологиялық университеттің қабылдау комиссиясына хабарласыңыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир