|
Bilim jáne ǵylym
16.09.2020 | 15:11

Білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнынан 60 лицензияны қайтарып алды

Оның басым бөлігі комитет тексеріс жүргізгеннен кейін қайтарылды

Білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнынан 60 лицензияны қайтарып алды  Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнының 60 лицензиясын қайтарып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында білім және ғылым министрлігі тиісті шараларды қабылдап жатыр. Министрліктің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 жоғары оқу орнының кадрларды дайындау бағыттары бойынша лицензияларға 60 қосымшасын қайтарып алды», – деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Оның басым бөлігі комитет тексеріс жүргізгеннен кейін қайтарылды.

Министрліктің хабарлауынша, лицензиясы қайтарылған жоғары оқу орындары "педагогикалық ғылымдар", "өнер", "гуманитарлық ғылымдар", "жаратылыстану ғылымдары", "техника ғылымдары", "қызмет көрсету" және "әлеуметтік жұмыс", "әлеуметтік ғылымдар" бағыты бойынша мамандар даярлайды.

Жоғары оқу орындары талапкерді оқуға қабылдау, профессор-оқытушылар құрамның біліктілігін арттыру, конкурс арқылы алмастыру, оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу бойынша нормативтік құқықтық актілерді сақтамаған.

Айта кетсек, бұған дейін білім және ғылым министрлігі тексеріс кезінде нормаларды бұзу анықталып, бірнеше жоғары оқу орнының лицензиясын тоқтатты.  Министрлік "Алматы" университеті, Алматының экономика және статистика академиясы, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті мен Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университетінің лицензиясын тәртіп бұзушылықтар жойылғанша тоқтатуға шешім қабылдады.

Бұдан бөлек, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің "құқық" (бакалавриат) бағыты бойынша лицензиясына қосымшаның күші тоқтатылды.

Bólisý

‡агрузка...

Прямой эфир
Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!