Бұл туралы Ақпаратты Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ӨКҚ брифингінде айтты
Алматы мемлекеттік мектептерінде электронды оқулыққа жазылу жалғасын табады. Бұл туралы Ақпаратты Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ӨКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл оқулықтар мен көркем әдебиеттерді сатып алуға 3 млрд 263 мың теңге көлемінде қаржыландыру көзделген. Бүгінгі таңда 11 баспамен 2 млрд теңгеге шарттар жасалды.
“Оқулықтарды жеткізу бойынша конкурстық рәсім аяқталды. Сонымен қатар барлық 214 мемлекеттік мектеп үшін электронды оқулықтарға жазылу жалғасады”, - деп атап өтті ол.
2023-2024 оқу жылында 303 мыңнан астам оқушы күтілуде, барлығы 100% тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта оқулықтарды сатып алу рәсімі жүріп жатыр.