Алматыда асық атудан жарыс басталды

21.08.2023 20:22

Бас жүлдеге көлік тігіліп отыр

Almaty.tv

Алматыда асық атудан жарыс басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық ойынның шымылдығы Наурызбай ауданында ашылды. Оған барлық тұрғын қатысып, нағыз сұр мергенді анықтады.

– Әрбір қазақ ұлттық ойынды білуі және оны ойнауы тиіс. Іс-шараны өткізіп, бас жүлде тігіп жатқан ұйымдастырушыларға рақмет! – деді қала тұрғыны Нұрлан Бақытжанұлы.

Бас жүлде демекші, асық ату жарысының ақтық сынында жеңімпаз жаңа көлік ұтып алады. Финалға 8 ауданнан іріктеуден өткен 8 тұрғын ғана қатысады. Ұйымдастырушылар соңғы ойынды қазанға жоспарлап отыр.

– Бірінші іріктеп, 3 айналым футбол ережесімен өтеді. Үш мүмкіндік береміз. Кім көп асық атып шығады, сол келесі айналымға өтеді. Ал жартылай және соңғы финалда шеңберден шығару ойынын өткіземіз, – деді ұйымдастырушы Шоң Өмен.

Оқи отырыңыз: Qaz365.kz – BAQ liga чемпионы атанды