|
20.11.2023 | 15:13
944

Алматыда оқушылар мен колледж студенттері арасында пікірсайыс өтті

Іс-шара «Алматы мектептері» жобасы аясында ұйымдастырылған

Алматыда оқушылар мен колледж студенттері арасында пікірсайыс өтті Almaty.tv

Алматыда оқушылар мен колледж студенттері арасында пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара «Алматы мектептері» жобасы аясында ұйымдастырылған. Ондағы мақсат – жастардың ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға және командамен бірлесіп жұмыс істеуге баулу. Байқау қатысушылары турнир соңында арнайы дипломмен марапатталды.

– Мектепте жастардың бойында патриоттық сезім ұялатып, өскелең ұрпақты Отанды қастерлеуге тәрбиелейтін іс-шара өтті. Пікірсайыс Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған. Қатысушылардың көрсеткен нәтижесі де көпшіліктің көңілінен шықты, – деді №117 Жалпы білім беретін мектептің директоры Гүлдана Самалықова.

Оқи отырыңыз: Ташкенттегі үздік балабақшада тәжірибеден кімдер өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир