Алматыда жаңа оқу жылына дайындық туралы брифинг өтті

Алматыда жаңа оқу жылына дайындық туралы брифинг өтті
1 қыркүйекте 1-11 класстарға 258 мыңнан астам оқушы келеді деп күтілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз-орталығында жаңа оқу жылына дайындық туралы брифинг өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.  

Қала Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова өзінің сөзінде Алматыда 185 мемлекеттік балабақшалардың және 204 мемлекеттік мектептер мен 22 мемлекеттік колледждердің бар екенін айтты.

1 қыркүйекте 1-11 класстарға 258 мыңнан астам оқушы келеді деп күтілуде. Алдын ала жасалған болжам бойынша бірінші класстықтар контингенті 32 мың оқушыны құрайтын болады.

Қазіргі кезде барлық мемлекеттік білім ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал 2 балабақша мен 9 мектепте және №9 мектеп-интернатта күрделі жөндеумен қатар сейсмикалық күшейту жұмыстары жүруде. 5 мектептегі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін бітеді. ББ 4 мектеп пен интернатта жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының оқу-тәрбие процессіне ықпал етпейтіндігі туралы бұйрық шығарған.

Мектептердің барлық оқушыларына оқу құралдары беріледі. Келісімге сай оқу құралдары білім ұйымдарына 2019 жылдың 20 тамызына дейін жеткізіледі. Алматы қаласында биылғы жылдың 5 шілдесінен бастап жыл сайынғы дәстүрлі «Жүректен – жүрекке» ұраны бойынша «Мектепке жол» акциясы жүруде. Акция 30 қыркүйекте аяқталады.

Барлық мектептерде ата-аналар үшін акцияның мақсаты мен міндеттері айқындалған ақпараттық стенділер жасалған. Акцияны ұйымдастыру мен өткізу жоспарына сәйкес оқу орындары мен аудан әкімдіктерінде қайырымдылық шаралары, ПД ЖПҚ ювенальды полициясының жергілікті бөлімдерімен бірге рейдтер, ірі сауда орындарында оқушылар жәрмеңкелері өтуде. Шараны ұйымдастыруға бизнес-құрылымдар, аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дайындауға көмек көрсеткісі келетін мейірімді жандар тартылуда.


Новости партнеров