Оқушылардың оқу мерзімі үшінші тоқсанда ұзартыла ма

Almaty.tv
Almaty.tv
Елімізде оқушылардың қысқы демалысы ұзартылған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда оқушылардың қысқы демалысы ұзартылды. Енді олардың оқу мерзімі ұзартыла ма? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«БҒМ білімнің сапасына, оқушылардың білім алуына, штаттық режимде оқуына басымдық береді. Бірақ қазіргі жағдайға байланысты қысқы каникул бір аптаға созылды. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты күн сайын талдау жүргізіледі. Соның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Бұл туралы қосымша ақпарат беріледі», - деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова өз жауабында. 

ҚР ДСМ СЭБК тамақтану, тәрбие және білім беру объектілерін бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахимжанованың мәліметінше, балалар арасында омикрон штаммы әлі анықталған жоқ. 16 қаңтарда КВИ жұқтырған 685 бала тіркелді, соның ішінде 3 - ЖОО, 19- колледж студенті. ВАК шешімі негізінде вакцинаны толық алған балалар сабақты офлайн оқи алады.

Новости партнеров