|
22.05.2023 | 15:18
1027

Алматыда №6 оқушылар үйіне 50 жыл толды

1973 жылы ашылған мекемеде бүгінде 1400-ден аса бала үйірмеге қатысады

Алматыда №6 оқушылар үйіне 50 жыл толды Almaty.tv

Алматыда № 6 оқушылар үйіне биыл 50 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерейтой аясында білім ордасының шәкірттері өз өнерін паш етті. Сондай-ақ ашық аспан астында көрме ұйымдастырылып, оқушылар қолмен жасаған бұйымдарын көрсетті. 

Айта кетейік, 1973 жылы ашылған мекемеде бүгінде 1400-ден аса бала үйірмеге қатысады. Оларға 40-тан астам ұстаз тәлім береді. Атап айтқанда, тегін секциялар арасында би, ән, тоғызқұмалақ, шахмат және таеквандо бар.

– 50 жылдың ішінде №6 оқушылар үйі 75 мыңнан астам бала тәрбиелеп шықты. Өнер жолында әнші, күйші, биші бала көп. Біздің №6 оқушылар үйінде үлгілі 5 ұжым жұмыс істейді. Біз – халықаралық ЮНЕСКО клубының мүшесіміз, – деді №6 оқушылар үйінің бөлім меңгерушісі Шекер Сыздықбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир