ҰБТ-ның екінші күні: 261 талапкер ереже бұзды, 19 баланың дене қызуы көтерілді

inalmaty.kz
inalmaty.kz
ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

22 маусымда республика бойынша 9 748 талапкер ҰБТ-ға қатысып, оның 261-і аудиториядан шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

22 маусым күні республика мектептерінде ҰБТ-ға 9478 талапкер қатысқан. Оның 2,7 пайызы немесе 261-і ереже бұзып, аудиториядан шығарылды. 19 талапкердің немесе 0,2 пайызының дене қызуы көтерілген.

Нәтижесінде 9,5 мыңға жуық баланың 6 553-і немесе 69,1 пайызы шекті балды жинай алды. Ал 58 талапкер (0,6%) – 130 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Айта кетейік, ҰБТ ережесін бұзып, биыл тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған түлектер қаңтар айындағы тест сертификатын пайдалана алады.

«Достар, егер сіз ҰБТ-ны 2020 жылдың қаңтарында тапсырып, шекті балл жинаған болсаңыз, сол сертификатпен ЖОО-ға ақылы негізде түсе аласыз. Өйткені заңның кері күші болмайды, тіпті маусым айындағы тестілеуге кірмесеңіз немесе маусымдағы ҰБТ нәтижеңіз жойылған болса да, қаңтар айының ҰБТ сертификаты жарамды болып қала береді», – дейді тестілеу орталығы Facebook парашасы арқылы.

Новости партнеров