Биыл Алматы колледждеріне 15 мыңға жуық грант бөлінді

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда 83 колледж бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматы колледждеріне 15 мыңға жуық грант бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 мыңға артық. Қалалық білім басқармасының өкілі Ерік Әбішаев қазір оқуға қабылдау жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Яғни мемлекеттік қолдаудың арқасында барлық талапкер тегін оқи алады. Ол үшін электронды үкімет пен Bilimalmaty.kz порталдарына тіркеліп, құжаттарды тікелей оқу орнына тапсыру қажет. Айта кетейік, осы жылы Алматыдағы 83 колледжге оқуға түсуге болады. Оның 23-і мемлекеттік болса, қалғаны жекеменшік. Былтыр барлық түлектің жұмысқа орналасу көрсеткіші 98 пайызды құраған.

«Осы жылы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 25 маусым - 25 тамыз аралығында оқуға құжат қабылдайды. Ал 25 маусым - 25 шілде аралығында шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша, педагогикалық және медициналық мамандықтары 25 маусым - 15 тамыз аралығында жүзеге асырылады», – деді Білім басқармасы бөлімінің басшысы Ерік Әбішаев.  

Новости партнеров