Кездесуде жат жерде көз жұмған батырларды еске алды
«Ұранды елдің ұрпағы қайсар». Алматыдағы №129 мектепте осындай тақырыпта оқушылардың Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара 15 ақпандағы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді көздеген кездесу барысында жат жерде көз жұмған батырларды еске алды.
– Бүгін маңызды оқиғаның куәгерлері қонаққа келді. Өз өмірін қатерге тіккен ардагерлердің қайтпас қайсарлығын ұрпақтың біліп өсуі маңызды. Әрі олардың жарқын болашағы үшін аға буынның қандай ерлікке барғанын түсінгені жөн, – деді директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Сурия Даутова.
Оқи отырыңыз: Алматыда бөтеннің мүлкін ұрлау саны азайды