Алматылық мектеп оқушылары арасында шахматтан турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақыл-ой спортында алдына жан салмайтын 48 бала іріктеліп, 2 күн бақ сынады.
– Президент шахматты пән ретінде сабаққа кіргізу деген ұсыныс жасаған. Сол себептен пилоттық режим ретінде бастауыш сыныпта, 1-сыныптан бастап сабақ ретінде өтіп жатыр, – деді мамандандырылған №90 мектеп-лицейінің директоры Көлбай Үмешбаев.
Мамандандырылған мектеп өкілдері аталған ойын алдында конференция өткізді. Шахматтың теориялық-практикалық сипаттамасын негізге алып, математикалық талдау жасаған тәлімгерлер бақ сынаған балалардың кәсіби деңгейге жететініне сенеді.
– Негізгі мәселе – шахматтың насихатталуына үлесін қосады және жалпы қоғамдағы шахматқа деген көзқарастың өзгеруіне ықпалын тигізеді, – деді Қазақстан шахмат федерациясының жоба тәлімгері Олжас Меңғали.
Оқи отырыңыз: Алматыда мектеп оқушылары арасында қайырымдылық кеші өтті