Елімізде тағы алты университет жабылуы мүмкін

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Министрдің айтуынша, оқытудың әлсіз бағыттары бойынша лицензияларды қайтарып алу бойынша тағы төрт оқу орнымен сот процестері жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық алты жоғары оқу орнын жабуға қатысты шешім сотта қаралып жатыр. Бұл туарлы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Академиялық дербестікті кеңейтумен қатар, жауапкершілігі төмен университеттерді жауып, сапаны қамтамасыз ете алмайтын ЖОО-ларды қайта бейіндеу бойынша күрделі жұмыстар жүргіздік. Нәтижесінде 15 ЖОО жабылды. Бұдан бөлек, қосымша 6 оқу орнын жабуға қатысты шешімімізге шағым беріліп, ол сотта қаралып жатыр. Оның жалпы саны 21-ге жетіп отыр", - деп жазды Аймағамбетов.

Жабылған университеттердің 100 мыңнан астам студентін оқуын жалғастыру үшін басқа ЖОО-ларына ауыстырылған. 66 университеттің әлсіз білім беру бағдарламалары бойынша 505 лицензиясы кері қайтарып алынды.

Министрдің айтуынша, оқытудың әлсіз бағыттары бойынша лицензияларды қайтарып алу бойынша тағы төрт ЖОО-мен сот процестері жүріп жатыр.

"Педагогикалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарының саны (85-тен 50-ге дейін) қысқарды. Енді оқытудың тиісті сапасын қамтамасыз ететіндер ғана болашақ мұғалімдерді дайындай алады. Заңгерлерді даярлайтын университеттердің саны 72-ден 61-ге дейін қысқарды", - деп жазды ол.

Айтуынша, алдағы уақытта ЖОО-ларға берілетін лицензиялар мерзімсіз болмайды. Олар 5 жылға беріледі, ал оларды қайта ресімдеу автоматты түрде емес, енді біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Новости партнеров