Биыл шаһарда 9-сыныпты 27 мыңнан аса оқушы аяқтайды
Алматыда «Жас маман-2024» мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Білім басқармасы мұрындық болған іс-шара 9-сынып оқушыларына арналған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жәрмеңкеде түлектерге арналып техникалық және гуманитарлық салаға бағыттау бойынша насихат жұмыстары жүргізілді. Басты мақсат – оқушыларды кәсіптік мүмкіндіктердің кең ауқымымен таныстыру. Сондай-ақ еңбек нарығында олардың сұранысқа ие салаларға қызығушылығын ынталандырып, мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына ықпал ету. Іс-шара барысында оқу орны өкілдері болашақ түлектерге семинар, шеберлік сағатын өткізеді.
Айта кетейік, биыл шаһарда 9-сыныпты 27 мыңнан аса оқушы аяқтайды.
– Мақсат – мектеп түлектеріне кәсіби бағыт-бағдар беру, олардың мамандықтыжүрек қалауымен таңдап алуына жол ашу. Отыздан астам колледжге шақырту бердік. Әрқайсы мамандық туралы толық ақпарат береді, – деді Медеу аудандық Білім бөлімінің басшысы Ағайша Сапарова.
Оқи отырыңыз: Алтынсарин алауы: Алғашқы ұстаздың өмір жолына арналған кітап жарық көреді