Алғашқы қоңырауға 1-сынып оқушылары ғана қатыса алады
asiarussia.ru
Бұл туралы ҚР-ның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
1 қыркүйекте алғашқы қоңырау тек бірінші сынып оқушылары үшін өтеді. Бұл туралы ҚР-ның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
«Биыл мектептерде алғашқы қоңырау санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек бірінші сынып оқушыларына өтеді. Балаларға «Әліппе» және «Букварь» сияқты алғашқы кітаптары табысталады. 2-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары ұйымдастырылады», – деді БҒМ басшысы Үкімет отырысында.
Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Қазақстан мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі оқыту форматына оралатынын мәлімдеген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33