|
17.01.2024 | 15:28
4186

Мұғалімдер кабинеті жоқ: Жалғамыс ауылындағы мектепте оқушылар саны үш есеге көбейген

Ауылдағы 350 орындық №15 мектеп 2001 жылы қолданысқа берілген

Мұғалімдер кабинеті жоқ: Жалғамыс ауылындағы мектепте оқушылар саны үш есеге көбейген Almaty.tv

Мұғалімдер отырып демалмақ түгілі сабақ оқитын сынып жоқ. Алматы облысының Жалғамыс ауылындағы мектепте оқушылар саны үш есеге көбейген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Білім ордасында үш ауысыммен оқитын оқушылар үйіне кеш қайтады. Бала қауіпсіздігіне алаңдаған ата-ана «көше қараңғы, жол жасалмаған, қаңғыған ит көп» дейді.

– Мектептің құрылысы басталды да, аяқталмады. 2015 жылы көшіп келдім. Бұл жерді орталық болады деп айтып еді, – деді  Жалғамыс ауылының тұрғыны Қарлығаш Баймұқанбетова.

Ал Нұрлан Қалбаев төрт баласын мектепке өзі тасиды. Көшесі батпақ болған соң қосымша аяқ киімін көлікке салып жүруге мәжбүр. Ал білім ордасындағы тар сыныпта адамнан киімнің саны көп.  

– Көшеде жарық жоқ. Кешке балаларды күтіп аламыз. Биыл қыс болмайды деп 3 аяқ киімді несиеге алып бердім. Оның біреуінің ақшасы төленген жоқ. Аты-жөнімді жазып кеттім. Әкімді танымаймын, көрмедім, – деді Жалғамыс ауылының тұрғыны Нұрлан Қалбаев.

– Менің тағайындалғаныма 3 айдан астты. Барлық әлеуметтік желісіне шығып отырмын. Ал мектепке қаражат бөлетін облыстық мәслихат, депутаттар мәселені талқылайды, – деді Қайнар ауылдық округінің әкімі Нұрбол Есенбаев.

Ауылдағы аядай мектептегі мұғалімдер дәлізде демалады. Мұғалімдер бөлмесінде оқушылар сабақ оқып отыр.

– Орын жетпейді. Биыл оқушылар үш ауысымда оқиды. Кабинет жоқ. Жаңа мектептің құрылысы басталды деп еді, нақты білмейміз, – деді №15 ЖББ орта мектептің мұғалімі Сайлау Сәлімов.

Мектепте киім ауыстыратын орын жоқ, оқушылар спортзалдың бұрышында киінеді.

– «Жайлы мектептің» жобасы аясында жаңа білім ордасының құрылысы басталды, салынды. Үш ауысымды оқу жойылып, ауылда екі мектеп болады, – деді №15 ЖББ орта мектептің директоры Зергүл Айтпаева  

Ал ауыл азаматтарының арызын алып, Талғар аудандық білім бөліміне де бардық. Бөлім қызметкерлерінің айтуынша, ауданда 6 мектеп дәл осындай үш ауысыммен оқиды. Себебі өткен жылмен салыстырғанда оқушы саны 2200 балаға артқан.

– Мұғалімдер кабинетті балаларға жағдай жасау үшін босатып берді деп ойлаймын, – деді  Талғар аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Рүстембек Мыңбаев.

Жалғамыс ауылындағы №15 мектеп 2001 жылы қолданысқа берілген. Жобалық қуаттылығы - 350 орындық. Қазіргі уақытта 968 оқушы білім алады. Оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жыл аралығында 11 мектеп салу жоспарланған.

Әлібек Шынтемір, Сағынтай Мұңайтпасов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Жарқын болашақ: ата-аналарға арналған тренинг өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир