Алматыдағы балабақшалардың бірінде ата-аналарға арналған тренинг өтті. «Жарқын болашақ» деп аталған жоба жеткіншектердің бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал етпек, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара аясында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту жөнінде кеңес беріліп, ұлттық құндылықтар дәріптелді.
– Балалар мен ата-аналарға ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында жобаны бастап отырмыз. Тақырып – «Жарқын болашақ», – деді №132 бөбекжай-балабақшаның меңгерушісі Сандуғаш Зәуірбекова.
– Бүгін өткізілген іс-шара өте керемет, ата-ананың балаға деген қарым-қатынасын дамытып, білім берді. Бала тәрбиелеуде керек тренингтердің бірі болды, – деді ата-ана Жайна Райымбек.
Оқи отырыңыз: Балабақшадағы былық: ата-аналар балалар өміріне қауіпті тігін цехының жұмысына наразы