Грант конкурсына өтініш 13-20 шілде аралығында қабылданады
Биыл грант конкурсына өтініш 13-20 шілде аралығында қабылданады. Ғылым және жоғары білім министрлігі құжаттарды кез келген жоғарғы оқу орны арқылы тапсыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақтаудағы талапкер жергілікті білім ордасы арқылы Алматыға құжат жібере алады. Биыл республика бойынша орташа балл 73 болыпты. Қазақстанда 5-ақ түлек ең жоғары 140 балдың 137-сін жинапты. Ведомство өкілдері биылғы талапкерлерге өңірлердегі жоғарғы оқу орындарына түсуге кеңес береді.
– Алматының өзінде оқып жатқан студенттерге жатақхана жетіспейді. Сондықтан біз биылғы талапкерлерге өңірлік университеттерге түсуге кеңес береміз. Сапа жағынан еш кем түспейді, жатақхана мәселесі де жоқ, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Оқи отырыңыз: Биыл «Алтын белгі» иегерлеріне грант конкурсында қандай басымдық беріледі