2023 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысын жариялаған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев биыл «Алтын белгі» иегерлеріне грант конкурсында қандай басымдық берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Биыл да әлеуметтік осал топтарға арналған 7 топ сақталды. Сонымен қатар, былтырдан бастап ауыл квотасы да 30 пайыздан 35 пайызға ұлғайған. Биыл да 35 пайыз болады. Былтырдан бері беделді халықапаралық пән олимпиадалары мен жарыс, конкурс жүлдегерлері мемлекеттік грантқа ҰБТ тапсырмай-ақ елік етеді. Мемлекеттік грант конурсында балл саны тең болып қалған жағдайда «Алтын белгі» иесіне басымдық беріледі, - деді ол.
Вице-министрдің сөзінше, биыл 5812 «Алтын белгі» иегері мектеп тәмамдап отыр.
- Әскер борышын өтегендерге қатысты да өзгерісті айта кетейін. Мұндай балалар ҰБТ-сыз, әңгімелесу арқылы ақылы негізде ғана және универсиеттердің ішкі гранттарына ие бола алады.
Жылдағыдай Білім беру гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін жарияланады, - деді министрдің орынбасары.
Дерекөз: ҚазАқпарат