Былтыр қайта жөндеуден өткен 421 мектептің асханасы мен кітапханасы жаңартылған еді
Елімізде барлық бастауыш сынып тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы жаңадан сайланған Оқу-ағарту министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ғани Бейсембаевтың сөзінше, алдағы уақытта балаларды тамақпен қамту нормалары қайта қаралады. Сондай-ақ асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу қолға алынбақ. Министрлер коллегиясының отырысында осылай деген министр кішігірім қалалар мен ауылды аймақтардағы білім мекемелерін модернизациялау жұмыстарын жалғастыруға уәде берді. Еске сала кетсек, былтыр қайта жөндеуден өткен 421 мектептің асханасы мен кітапханасы жаңартылған еді.
«Сапалы тамақпен қамтамасыз ету балалардың дамуына да әсер ететіні белгілі. Сондықтан мектептерде тамақ беру нормалары қайта қарастырылмақ. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңіріндегі 1-4 сынып аралығындағы оқушылар 1 реттік ыстық тамақпен толық қамтылады», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.