|
17.04.2024 | 15:32
293

Сирек қолжазбаларды сандық форматқа ауыстыру қажет

Алматыда оларды сақтау, зерттеу мәселесіне арналған жиын өтті

 Сирек қолжазбаларды сандық форматқа ауыстыру қажет elements.envato.com

Алматыда сирек кітаптар мен қолжазбаларды сақтау, зерттеу мәселелеріне арналған жиын өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Дөңгелек үстел қолжазбатанушы-ғалым, фольклорлық шығармаларды жинаушы, жүйелеуші Мақсұт Шафиғидың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Зерттеуші ғұмырын осы іске арнап, "Хандар шежіресі" қолжазбасы, Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» кітабын және тағы да басқа құнды мәліметтерді қазақша сөйлеткен. Басқосуға жиналған мамандар аталған саладағы басты мәселелерді ортаға салды. 

- Мақсұт аға Шафиғи – қазақ қолжазбатану ғылымының білгір маманы. Оқуы қиын, каллиграфилық жазудағы көптеген қолжазбаларды қазіргі қазақ тіліне түсіріп, жариялауға атсалысты. Көптеген ғылыми жұмыстарды құрастыруға араласты, - деді М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты «Қолжазба және мәтінтану» орталығының директоры Жұмашай Сайлауқызы

- Сирек қолжазбаларды қазіргі заманда жас ұрпаққа жеткізу үшін оны сақтау мәселесі, оны жаңа форматқа көшіру мәселесі, оны жас ұрпақ оқитындай аударып, жаңа бір кітап ретінде немесе басқа бір электронды құралдар ретінде жеткізу дәрежесі бүгінгі мынау Мақсұт ағамыздың шығармашылығының аясында сөз болатын аса өзекті мәселелердің бірі деп ойлаймыз, - деді М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас директоры Кенжехан Матыжанов. 

Оқи отырыңыз: Жас қалам – жаңа роман: үш қаламгердің романы оқырманға жол тартты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир