Алматыда Мемлекет басшысы берген тапсырма аясында балабақшалардағы кезек, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердегі орын тапшылығы қысқаруда. Бұл туралы бүгін білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ерболат Досаев бұл мәселені шешу үшін жеке бизнес белсенді түрде тартылатынын атап өтті.
"Биыл Алматыда 76 жаңа жекеменшік мектепке дейінгі білім беру орталықтарында 5 330 орынға тапсырыс берілген. Сондай-ақ біз ірі құрылыс салушылармен әлеуметтік әріптестік тетігін дамытудамыз. Оның аясында 2025 жылға дейін 2100 орындық 11 толыққанды балабақша ашуды жоспарлап отырмыз", - деді Алматы әкімі.
Оның айтуынша, мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы жаңа оқу орындарын салу арқылы да шешіледі. Ал жаңа оқу жылының басында ол 36%-ға қысқарды.