Ұсыныс заң жүзінде қаралып жатыр
Елімізде ғалымдарға тұрақты үздіксіз жалақы беру жағы заң жүзінде қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетова баяндап берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-кесілтеме жасап.
- Бүгінгі отырыста ғалымдарды тұрақты үздіксіз жалақымен қамтамасыз етуді ұсынып отырмыз. Қазір ғалымдар жалақыны негізінен мерзімді түрде жарияланатын гранттар есебінен алады. Егер сізде ғылым гранты болмаса, жалақысыз қаласыз. Заң жобасы қабылданғаннан кейін ғалымдар, барлық ықзметкерлер сияқты ай сайын жалақы алады, - деді Асхат Аймағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, қаражат бюджеттен бөлінетін болады.
- Біз мысалы, дәрежесі профессор болса, қосымша ақы ұсынамыз. Қазір Үкіметтің қорытындысы дайындалып жатыр. Мұның бәрі әлі нақтыланады. Олар қосымша ақы алуы керек. Соңғы 30 жылда ғылыми қызметкерлер саны бірнеше есе азайды. Біз бұл мамандықты ғылыми кадрларымыз үшін қаржыландыру және әлеуметтік пакет тұрғысынан тартымды етуіміз керек, - дейді депутат.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріле ма