Аудан бойынша 3 461 оқушыға орын жетіспейді
Медеу ауданында оқушы орындарының тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқаны туралы аудан әкімі Еркебұлан Оразалин ӨКҚ брифингі барысында айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде аудан бойынша 3 461 оқушы орны жетіспейтіні атап өтілді. Оны төмендету мақсатында тамызда №48 мектепке 250 орынмен толықтыру арқылы қайта жаңарту және №131 мектепті сейсмикалық тұрғыдан күшейтіп, күрделі жөндеу аяқталды.
- Бес мың жаңа орынға арналған 8 жобаны жүзеге асырудамыз. Бұл - сейсмикалық күшейту арқылы кеңейту және күрделі жөндеу құрылысы. Тамызда №35 (300 орындық) және №99 (250 орындық) мектептеріне кеңейтілген 2 жобалық-сметалық құжаттама бойынша сараптамалық қорытынды алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау 2024 жылдың 2 тоқсанына жоспарланған, - деді Е.Оразалин.
Желтоқсанда аудан әкімдігі №131 (300 орындық) және №168 (300 орындық) мектептерге бастауыш сыныптар үшін қосымша ғимараттар салуға екі жобалық-сметалық құжаттама бойынша сараптама қорытындысы алынады.
Сонымен қатар №33, 161 және 17 мектептерді сейсмикалық күшейту арқылы қайта жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. №33 мектепке сараптама алынды (21.08.2023), құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың 1 тоқсанында басталады. №161 және №17 мектептері бойынша ақпанда мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығып, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында басталады деп күтілуде.
«Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасы аясында Құлжа тасжолының оңтүстігінде 2 мың орындық жаңа мектептің құрылысы басталды.
Сондай-ақ жеке инвесторлар есебінен («MG City» ЖШС, «Saba Group» ЖШС) «Думан» шағынауданында (1200 орын) және Халиуллин көшесі, 140 (300 орын) бойынша 1500 орындық екі мектеп салу жоспарланған. 3 жоба бойынша іске асыру мерзімі - 2024 жыл. 2024 жылдың қаңтарында «Ikigai School» жеке мектебінің (260 орындық) спортзалының қосымша құрылысы аяқталады.
Бұдан басқа, Бөгенбай батыр көшесі, 42 мекенжайы бойынша №29 мектеп үшін 300 орындық қосымша құрылыс салу үшін жер учаскесін сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Биыл 500 орындық 10 жеке балабақша ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 450 орындық 9 балабақша ашылды, 1 балабақша биылғы жылдың соңына дейін ашылады.
№195 балабақшаны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленді. Биыл 23 қазанында оң қорытынды алынды. Қазіргі уақытта ҚМЖ іске асыру үшін құрылыс басқармасының балансына (тапсырыс берушіге) беру рәсімдері жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: Алматының Медеу ауданында қанша көшеге жөндеу жүргізілді