Жаңа оқу жылынан бастап Алматы мектептері бес күндік оқу жүйесіне ауысады

bestnews.kz
bestnews.kz
1-сыныпта Көркем еңбек "еңбекке баулу" және “бейнелеу өнері" болып 2 пәнге бөлінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа оқу жылынан бастап Алматы мектептері бес күндік оқу жүйесіне ауысады, ал  оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 2022-2023 оқу жылының жаңалықтары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қазақ тілді мектептерде "Әліппе" және "Ана тілі" пәні оқытылады, орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-ыныптан бастап оқытылады", - деді А.Сайлаубай.

Орыс тілінде білім беретін мектептерде "Әліппе", "Сауаттылыққа оқыту" және "Қазақ тілі" оқытылады, ағылшын тілін 3-сыныптан бастап оқытыла бастайды.

1-сыныпта Көркем еңбек "еңбекке баулу" және “бейнелеу өнері" болып 2 пәнге бөлінді.

Спорт залдарының шамадан тыс жүктелуіне байланысты және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы оқу жылынан бастап дене шынықтыру сабақғында сыныптарды топқа бөлінбейді.

Дереккөз: Алматы қаласы ӨКҚ

Новости партнеров