|
01.10.2022 | 15:38
6900

Ерболат Досаев "Алматы ұстазы" байқауының жеңімпаздарын кәсіби мерекелерінде марапаттады

Жас педагогтарға арналған байқау 2022 жылдың 1 тамызында басталып, 3 кезеңде өтті

Ерболат Досаев "Алматы ұстазы" байқауының жеңімпаздарын кәсіби мерекелерінде марапаттады

Ерболат Досаев Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара барысында "Алматы ұстазы" байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жас педагогтарға арналған байқау 2022 жылдың 1 тамызында басталып, 3 кезеңде өтті. "Алматы ұстазы" аясында 3500-ден астам оқытушы заманауи білім беру үдерісіне озық тәсілдер мен цифрлық технологияларды енгізу бойынша өз дағдыларын көрсетті.

Мегаполис басшысы финалға шыққан бес жас педагогқа Финляндияда тағылымдамадан өтуге сертификаттар табыс етті. Марапаттарға: №13 гимназия мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанна Какенова, №104 мектеп тарих пәнінің мұғалімі Нұржан Ибрагимов, №69 мектеп тарихшысы Болат Мұңбаев, №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Алина Динабекова ие болды. 

Финляндияда тағылымдамадан өтуге 5 млн теңге көлеміндегі бас жүлдені №135 жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Әнуар Исаев жеңіп алды.

Байқау шарттарына сәйкес, оған 36 жасқа дейінгі Алматы қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу жоспарының барлық пәндері бойынша 1-12 сынып мұғалімдері қатыса алады.

Сонымен қатар финалға қатысқан биология және математика пәндерінен екі мұғалім қала әкімі Ерболат Досаевтан Финляндияға тағылымдама түріндегі арнайы жүлдемен марапатталды:

27 гимназияның биология пәнінің мұғалімі Дамира Әліпбек;

178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Лунара Амалбекова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир