Алатау ауданында шығармашылық үйірмелерге 4 млрд теңге бөлінді

пресс-служба акимата Алматы
пресс-служба акимата Алматы
Көпсалалы инновациялық шығармашылық орталық салынып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алатау ауданында шығармашылық үйірмелерге 4 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Биыл білім беру тапсырысына 991,7 млн теңге, спорт секцияларына - 3,2 млрд теңге, шығармашылық үйірмелерге қатысуға - 4 млрд теңге бөлінді.

«Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 44 мың бала шұғылданады. Оның ішінде 10 мыңнан астам Алатау ауданы бойынша қатысады. Қалада 1 179 шығармашылық үйірмеге қатысатын 56 мың баланың 9 мыңы Алатау ауданының балалары. Сонымен қатар, бүгінгі күні ауданда 1 мемлекеттік мектептен тыс ұйым, №1 Оқушылар үйі жұмыс істейді, онда 2 мыңнан астам (2160) бала білім алады, 2 мектептен тыс жеке меншік мекемеде 370 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған», – деді Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев.

Алатау ауданы балаларды мектептен тыс білім беруге тарту бойынша алдыңғы қатарда. Ауданда спорттың 25 түрінен 107 спорт секциясы жұмыс істейді, оған 10 мыңнан астам бала қатысады, сондай-ақ 58 шығармашылық бағыт бойынша 215 үйірмелер ашылып, 9 200-ден астам бала қамтылды.

«Қазіргі таңда Зерделі шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Нұркент шағын ауданында үлкен тенниске арналған орталық салынып жатыр. Балаларды одан әрі сыныптан тыс оқытумен қамту үшін қазіргі уақытта көпсалалы Инновациялық шығармашылық орталық салынып жатыр», – деді Ерболат Досаев.

Оған аптасына 5 мыңнан астам бала бара алатын болады. Оның құрылысы 2023 жылы аяқталады.


Новости партнеров