Кіріктірілген сабақ: Алматыда қалалық семинар өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Бағалау жүйесінде ешқандай өзгеріс енгізілмейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

45 минутта бірнеше пәнді қатар оқыту оқушылардың тақырыпты жан-жақты қабылдауын дамытады. Бұл – Алматыдағы № 180 мектепте өткен семинарға қатысушылардың пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Білім ордасының ұстаздары 2 және одан да көп пәнді кіріктіріп оқытудың артықшылығын көрсетіп, іс-тәжірибелерін бөлісті. Ерекше формат оқушылар мен мұғалімдердің уақытын ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретінін айтты.  

– Оқушылар 3 пәнді кіріктере отырып, әр пәннің құндылығын түсінеді. Тіпті кейбір жағдайда биология мен дене шынықтыру пәнін біріктіріп өткізуге болады. Бұл – мұғалімнің шеберлігі. Одан кейін жоспардың дұрыс құрылуына байланысты, – деді Білім басқармасы білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Жазира Кирбаева.

Кіріктірілген сабақ – тақырыпқа қарай оқушыларға әр пәнді жетік меңгеруге мүмкіндік береді. Ал ұстаздар педагогикалық тәжірибе жинайды. Дегенмен бағалау жүйесінде ешқандай өзгеріс енгізілмейді.

– Тарих сабағында география, биология пәнінен мәлімет керек болса, мұғалім сабақ жоспарын дайындау кезінде әріптестерімен пәнаралық байланысқа шығады. Оқушыға  тарих пәнінен баға қойылады, – деді №180 ЖББ мектептің директоры Ләззат Дәулетбек.

Оұи отырыңыз: Елімізде бірнеше қалада оқушылар сабақты қашықтан оқиды

Новости партнеров