Almaty Ustazy байқауына тіркелу басталды

05.04.2023 20:44

Байқау 2023 жылдың қазан айында аяқталады

Источник фото: пресс-служба акимата Алматы

Алматыда Almaty ustazy байқауының бірінші кезеңіне осы платформасында тіркелу басталды, ол 2023 жылдың 14 сәуіріне дейін жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқаудың бас жүлдесі – 5 миллион теңге, сонымен қатар бес финалист Финляндияның Хельсинки қаласында білім беру тағылымдамасына бара алады. Тағылымдама барысында мұғалімдер оқытудың жаңа әдісін игереді,  тәжірибе алмасады және озық мектептердің жұмысымен танысады.

Байқауға Алматы қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарының негізгі пәнінің 1-11 сыныптың 36 жасқа дейінгі мұғалімдері қатыса алады.

Байқау барысында мұғалімдер өз тәжірибелеріне негізделген ойымен және педагогикалық тұжырымдарымен бөліседі, сондай-ақ жеке сабақғын өткізіп, жетістіктерін көрсетеді. Байқау үш кезеңде өтеді.

Біріншісі – «Менің білім беру философиям» тақырыбында мультимедиялық мақала әзірлеу.

Екінші кезең – «Мұғалім - кәсіби маман» байқау сабағын өткізу.

Үшінші кезең – «Мен – мұғалім-көшбасшымын» тақырыбында авторлық шеберлік сабақтарын өткізу (өзінің педагогикалық тәжірибесі және кәсіби шеберлігімен  таныстыру).

Байқауға қатысуға ниет білдірген педагогтер бекітілген форма бойынша қатысуға өтінім беруі тиіс (Байқауға қатысушы туралы жалпы мәліметтер, лауазымы, біліктілігі, өтілі, жұмыс орнынан анықтама). Тіркелгеннен кейін мұғалімдер өз материалдарын (мультимедиялық мақаланы) 2023 жылдың 14 сәуіріне дейін жүктеуі керек. 2023 жылғы 17-26 сәуір аралығында сараптама комиссиясы келіп түскен материалдарды қарайды.

«Былтырға жылы белсенді қатысушылар бастауыш сынып мұғалімдері болды. Қазір біздің мұғалімдер балаларды қызықтыру үшін инновацияларды пайдаланады және олардың мазмұнын жасайды. Байқау қаланың мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерінің деңгейін арттыратынын атап өтемін. Алматы озық білім беру технологияларының орталығы болуға ұмтылады. Байқау қазіргі білім беру жүйесіндегі оқыту әдістеріне деген көзқарасты өзінің жеке үлгісімен өзгертетін заманауи және құзыретті педагогтер қауымдастығын құрады. Алматы қаласының жас мұғалімдері үшін байқауға қатысу - бұл өзінің кәсіби өсуінің, цифрлық дәуір жағдайында жұмыстың жаңа тәсілдерін зерделеудің жаңа қадамы болып табылады», – деп атап өтті Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Тіркеуге, мультимедиялық мақаланы жүктеуге қатысты нақтылы сұрақтар бойынша қатысушылар арасында хабар алмасу үшін Telegram – арнаны пайдалануға болады.

Байқау 2023 жылдың қазан айында аяқталады. Айта кетерлігі, Almaty Ustazy байқауы  осымен  екінші жыл қатарынан өтуде.