Биыл соңғы қоңырау қалай өтеді
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Биыл мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
"Егер ештеңе өзгермесе, 25 мамыр күні оқушылардың соңғы қоңырау шарасы өтеді деп жоспарлап отырмыз", - деді Асхат Аймағамбетов.
Айта кетейік, өткен жылы пандемияға байланысты мектептерде соңғы қоңырау мектеп ауласында ата-аналардың қатысуынсыз өткен еді.
Осы жылы оқушылар төртінші тоқсанды дәстүрлі форматта бастады. Карантиндік шектеулердің алынып тасталуына байланысты балалар мектепке барып оқиды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Сұлтан, Омар, Осман: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
07.10.2026 19:39