Жігітке жеті өнер де аз: Алматыда «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Байқауда 9-11 сынып оқушылары бақ сынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жігітке жеті өнер де аз».  Алматыдағы №93 мектепте 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайысқа 8 ауданнан қатысқандар 5 кезең бойынша бақ сынасты. Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен байқаудың басты мақсаты – ұлттық құндылықты ұлықтау, жігіттерді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

– Біртұтас тәрбие – рухани құндылықтарға негізделген. Бүгінгі өткізіліп жатқан «Жігіт сұлтаны-2024» байқауы ұлттық құндылықты жас ұрпақтың бойында қалыптастырады деп сенеміз, – деді №93 ЖББ мектеп директорының орынбасары Айгүл Қожалимова.

– «Жігіт сұлтанының» тәрбиелік мәні зор.  Өйткені ғаламторға телмірген бүгінгі күнде ондай жігітті аз көреміз. Бес түрлі сайыс өтеді. Таныстыру, өнерін көрсету бар. Калашников автоматын шашып, жинайды. Ол – жігітке керек өнер, – деді қатысушы Айбарыс Сауытхан.

Оқи отырыңыз: Алматыда Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды

Новости партнеров