|
03.04.2024 | 15:51
483

Жапондық тәсіл: Алматы мектептерінде балаларды еңбекке қалай баулуда

Бұл – оқу-тәрбие үдерісін ұлттық құндылықтарға мән беру арқылы жетілдіруді көздейтін тың жоба

Жапондық тәсіл: Алматы мектептерінде балаларды еңбекке  қалай баулуда Almaty.tv

Алматы мектептерінде жапондық әдіс-тәсіл бойынша білім берудің жаңа дәуірі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл – оқу-тәрбие үдерісін ұлттық құндылықтарға мән беру арқылы жетілдіруді көздейтін тың жоба. Басты мақсаты тазалықты сақтауға, мәдениетке, мектептен бос уақытында балаларды еңбекке баулуға бағытталған.  Оның аясында оқушылар өз бетімен көкөністер мен жемістерді өсіруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар басқалардың еңбегін бағалауға үйренеді.

– Ауданда бірнеше жоспар жүзеге асырылып жатыр. Мақсат – балаларды мектептен бос уақытында еңбекке баулу. Жапонияға барып, мектепте арнайы дайындықтан өтіп, әдіс-тәсілдерін үйрендім. Қандай айырмашылық не ұқсастық бар, еліміздің білім саласына қандай өзгеріс енгізуге болады? Осы тұрғыдан алғанда ауданда бірнеше жоба бастап кеттік, – деді Наурызбай аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Құсайынова.

Оқи отырыңыз: Алматыда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орын саны артты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир