Алматыда жатақхана мәселесі қалай шешіліп жатыр

05.12.2023 20:52

Жатақханада тұруға 66 мың студент өтінім берген

Almaty.tv

Алматыға басқа қаладан келген студенттердің жартысынан көбі жатақханамен қамтамасыз етілген. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде қаламызда 102 жатақхана толыққанды қолданысқа берілген, онда 33 мың 500-ден астам студент тұрады. Мегаполисте 35 жоғары оқу орны бар, онда 199 мыңнан көп адам білім алып жатыр.

– Жатақханада тұруға 66 мың студент өтінім берген. Осы сұранысқа қарай, біз Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе жұмыс атқарып жатырмыз. Бір жыл ішінде 104 инвестормен келіссөз жүргіздік, 47 нысан қолға алынды, 15 жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Ал 980 орынға арналған жатақхананың құрылысы жүріп жатыр, – деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев

Жұмыссыз жастар мәселесі де май шаммен қаралып жатыр. Жергілікті биліктің талдауынша, қазір оқуын аяқтап, екі қолға бір күрек таппай жүргендердің дені – сұранысқа ие мамандық иелері. Сондықтан қысқамерзімді оқыту курстары іске қосылып, 10 мың адам оқыған.  Нәтижесінде 9 мың жас жұмысқа орналастырылды.

– Жылда ЖОО мен колледжерді 65 мың адам бітірсе, соның 60-80 пайызы Алматы қаласында тұрақтап қалуға тырысады. Ал соның ішінде кем дегенде 10-12 мың адам жұмыссыз жүреді, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 3000-нан астам педагогқа сұраныс бар