Жоба аясында 560 оқушыны қамту жоспарланған
Жазғы демалысты Алматының Бостандық ауданында тұратын оқушылар да тиімді өткізбек, деп хабарлайды Almaty.tv.
7 маусымға дейін ауданның 8-сынып оқушылары колледждерге арнайы барып, мамандық таңдаудан бағыт ала алады. Бұл мақсатта қаланың 7 колледжі арнайы бағдарлама дайындаған.
Айта кетейік, аталған жоба аясында 560 оқушыны қамту жоспарланған.
– Мектеп оқушылары мамандық таңдайды. Олар бағдар алады, түрлі шеберлік сағатына қатысады, жұмыс жасап көреді. Таңдау жасай алады, – деді Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжі директорының орынбасары Тұрарбек Шәріпов.
Оқи отырыңыз: Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсырады