Осы жылы елімізде колледжер мен жоғарғы оқу орындарындағы сабақтар толығымен онлайн емес, аралас форматта өтетін болды. Оның ережелерін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкіметтің онлайн отырысында таныстырды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі KAZ.NUR.KZ порталы.
Министр жоғары оқу орындарында оқыту негізінен қашықтан жүргізіледі деп отыр. Оның сөзінше, бакалавриатта педагогикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі. Сонымен қатар, Аймағамбетов техникалық, аграрлық және табиғи бағыттар, медицина әрі өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлардың 70 пайызы онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтарды (30%) күшейтілген санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, жеке-жеке өткізуге мүмкіндік берілетінін атап өтті.
Магистратура мен докторантурадағы сабақтар да аралас принциппен оқытылады.
«Болашақ дәрігерлер оқитын интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі, штатты формата жүретін болады. Осы берілген бағдардың аясында әрбір ұйым өздері дербес шемім қабылдайды», – деді білім және ғылым министрі. Сонымен қатар, бүгінгі үкіметтің онлайн отырысында Аймағамбетов бірінші қыркүйек шарасы қалай өтетінін де түсіндіріп өтті.