Мектепке смартфон әкелуге тыйым салынғаны рас па – министрлік жауабы

Мектепке смартфон әкелуге тыйым салынғаны рас па – министрлік жауабы
3-тоқсаннан бастап Қазақстанда 1 миллионнан астам оқушы дәстүрлі форматта оқи бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

3-тоқсаннан бастап Қазақстанда 1 миллионнан астам оқушы дәстүрлі форматта оқи бастады. Яғни, сабақ жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптарда өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар, 300 балаға дейін білім алатын мектептерде де оқушылар дәстүрлі форматта білім алады. Ал, 18 қаңтардан бастап Жоғары оқу орындарының 1 курс студенттеріне университетке баруға рұқсат берілмек.

«Ауылды жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 97 колледж өз студенттері үшін оқуды дәстүрлі форматта ұйымдастырады. Сондай-ақ, ҚР ІІМ мен ҚР ҚМ жанындағы 14 колледждің студенттері оқу орындарында оқиды. Қалған колледждерде бірінші курс студенттері үшін, атап айтсақ, студенттерінің жалпы санының шамамен 31%-ы үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылады», – деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Ал, мектепке смартфон әкелуге тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған. Вице-министр әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты да пікір білдірді. Оның сөзінше, оқу орнына смартфонды әкелуге қойылатын мәселе бұрыннан бері талқылануда. Дегенмен мұны министрлік зерттеуге алмақшы. Мектепке смартфон әкелуге болмайтыны туралы жарғыны қажет болса, мектеп басшылығы өздері де қабылдай алады деді.

Новости партнеров