Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына құжат қабылдап жатыр

www.gov.kz
www.gov.kz
Қазақстанда үш әскери жоғары оқу орны мен екі колледж жұмыс істейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қорғаныс ведомствосының әскери жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген азаматтар 15 маусымға дейін өтініш бере алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда үш әскери жоғары оқу орны мен екі колледж жұмыс істейді. Жоғары білікті әскери кадрларды дайындайтын білім ордалары – Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Алматы қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты және Ақтөбе қаласындағы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты болып табылады.

Жоғары оқу орындарын бітіргендер «лейтенант» әскери атағын алып, тактикалық буын командирі болып шығады.

Құрлық әскерлерінің әскери институтында әскери істегі менеджмент бағыты бойынша мотоатқыштар, танк, десанттық-шабуылдау, барлау, зымыран әскерлері мен артиллерия командирлері дайындалады. Логистика бағытында курсанттар материалдық-техникалық, тылдық, азық-түлік, заттай қамтамасыз ету және зымыран-артиллериялық қару-жарақ мамандықтарын меңгереді.

Сондай-ақ, «әскери істі инженерлік қамтамасыз ету», «әскери істегі РХБ-қорғау», «әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс» бағыттары бойынша да білім алады.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар жер сілкінісі кезінде қалай аман қалудың әдісін айтты

Новости партнеров