Мұғалімдерді қолдау бойынша «Алматы мектептері» бағдарламасы әзірленді

25.08.2021 20:56

Бағдарламаның мәні заманауи тәсілдер, әдістер мен тәжірибелер негізінде мұғалімдер мен мектептің басқару құрамын сапалы әрі жаңаша даярлау

newtimes.kz

«Алматы мектептері постковидтік кезеңде: Білім сапасы, балалардың денсаулығы және отбасының рөлі» онлайн-форумында сөйлеген сөзінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев білімнің сапасы мен инклюзивтілігін арттыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Пандемия бүкіл білім беру жүйесінің осалдығын айқын көрсетті. Сондықтан осы дағдарыс ықпал еткен инновациялар мен шығармашылық біздің білімімізді сапалы, инклюзивті және тұрақты ету үшін қолданылуы тиіс әрі бұл өте маңызды», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Алматы әкімінің айтуынша, қашықтан оқытуға көшудің алғашқы күндерінен бастап мұғалімдердің технологиялық даярлық мәселесі назарда болды және жұмысты ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау қажеттілігі туындады.

«Сондықтан өткен жылдан бастап қаладағы білім сапасының төмендеуіне жол бермеу және өзгермелі ортада оның дамуын қамтамасыз ету үшін біз жетекші қазақстандық және халықаралық сарапшылармен бірге «Алматы мектептері» атты арнайы үш жылдық бағдарламаны әзірлеуге кірістік», – деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Бағдарламаның мәні заманауи тәсілдер, әдістер мен тәжірибелер негізінде мұғалімдер мен мектептің басқару құрамын сапалы әрі жаңаша даярлау.

«Бағдарлама постковидтік кезеңде білім беру жүйесін «оңалтуға» бағытталған шаралардың бірі болып табылады және оны іске асыру қажетті оң нәтиже беретініне сенімдіміз», – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, Алматыдағы Болат Өтемұратовтың қоғамдық қорымен бірге «Жасыл мектеп» мектеп фермерлігінің жобасы іске қосылды. Биылғы оқу жылынан бастап 16 білім беру ұйымының аумағында жылыжайлар жыл бойы жұмыс істей бастайды. Осылайша, көршілес аумақтардың көгалдандыруды кеңейтуге болады, ең бастысы бұл балаларға  түрлі дақылдардың өндірісі туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Бұл балалар үшін танымдық жоба болып табылады.

«Жаңа оқу жылында жылында ата-аналармен жұмысқа ерекше назар аудару қажет, өйткені олар оқу процессінің маңызды қатысушылары болып табылады. Олардың көпшілігі, мұғалімдер сияқты, пандемия мен қашықтан оқыту кезінде қиындықтарға тап болды. Сондықтан оларға да біздің қолдауымыз қажет», – деді Б. Сағынтаев.

Сондықтан Білім басқармасына Қамқоршылық кеңестер мен ата-аналар комитеттерінің қызметін жандандыру, сондай-ақ мүдделі органдармен бірлесе отырып, әлеуметтік осал және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету жөніндегі жұмысты күшейту тапсырылды.